Руханият

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, драматург Жаған Алтыншаш Қайыржанқызының 75 — жас мерейтойына арналған «Руханият» атты интернет – көрме

Жаған Алтыншаш Қайыржанқызы 1945 жылы 23 желтоқсанда Ақмола облысының Астраханка ауылында дүниеге келген. Ол өзінің өмір жолын Астрахань ауданының Бірлік ауылында мұғалімдік қызметтен бастаған. Кейін Астрахань аудандық комсомол комитетінде, Целиноград облыстық комсомол комитетінде жұмыс істеді.

1976 жылы Қазақ ССР Кинематография комитетінде бас редактор,1990 жылы Алматы қалалық кеңесінің депутаты және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

«Қазақстан әйелдері» журналына басшылық етті.

1995 жылдан «Қазақстан Дәуірлеу партиясының», 1998–2004 жылдары Қазақстан Республикасының көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің төрайымы болды.

Алтыншаш Қайыржанқызы «Әмина», «Аққоян, құмай-тазы», «Еркетотай» кітаптарының , сондай-ақ «Бәрі де ападан басталады», «Нөсер», «Ала жіп аттағандар», «Беймаза әйел» тағы басқа пьесалардың авторы.

Алматы қаласының Мемлекеттік архивінің № 291 қор құрушысы Жаған Алтыншаш Қайыржанқызының 1967-1997 жылдар аралығын қамтитын құжаттарынын 63 (алпыс үш) іс сақтаулы. «Руханият» атты интернет-көрмеге мерейтой иесі Алтыншаш Жағанның жеке және Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен, зиялы қауымдармен, жанұясымен, әріптестерімен түскен суреттері және архивтегі сақтаулы құжаттары топтастырылған.

Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің «Жеке қорлар, аудиовизуалды және суреттік құжаттарды жинақтау бөлімі».