Құрметті ханымдар!


8 – наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеп күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істерін қостаушысы болып жүре беріңіздер.Қазақ әйелі ежелден даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл саналы ғұмырында, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана. Жақсы сөз жарым ырыс демекші, қуаныштан жүздері балбұл жанған ақжаулықты аналардың алдында барга азамат мәңгі қарыздар екеніне тоқталып, шын жүректен құттықтаймыз. Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқ та тимейді» деген сөзге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырыс береке, баянды бақыт тілеймін!

Алматы қаласының Мемлекеттік архивінің директоры

А. Ботанов