Архив - өткенді бағалау, болашаққа көзқарас

Деятельность / Информация о деятельности
Архив - өткенді бағалау, болашаққа көзқарас
Архив - өткенді бағалау, болашаққа көзқарасТүркі тілдес халықтарының жазба  мұра  төңірегінде  түйіні шешілмеген даулы мәселелелер жетерлік. Бірақ, жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде түркі тілдес  халықтардың жазба мәдениеті тарихының бастауы ерте замандардан  екендігі анықталып,  бабаларымыздың бірнеше  әліпбиді меңгергендігі белгілі болды. Деректер бойынша 40 аса таңбасы бар, таңбалары бір-бірімен байланыспай жазылатын, оңнан солға қарай оқылатын аймақтық, хронологиялық руна әлипбиінің дыбыстық ерекшеліктері жайлы да айтылып келеді. Белгілі  түріктанушы ғалым  Алтай Аманжолов Б.з.д Ү ғ. жазылған  сақ  дәуірінде табылған күміс тостағандағы сақ  жазуы мен көне түрік  руникалық таңбаларының ұқсастығына қарап, жасаған қорытындысы:
1.Түркі тілдес тайпалар бұдан  2500 жыл бұрын  әліпбиі  бар жазуды білген және  кеңінен  пайдаланылған:
2.Көне түрік руникалық жазуы арғы ата-бабаларымыздың 1500 жыл  бойы, яғни б.з.б. Ү ғ. бастап б.з. Х ғ. дейін қолданылған  төл  жазуы болғандығын дәлелдеген.Осы дерекке сүйене отырып, қазақ тілінің әлипбиі Адамзат тарихындағы ең көне жазулардың бірі «Орхон Енисей жазулары» деп танылған көне түркілердің руникалық жазуынан бастау алғандығын және қазақтар  тек араб, латын және  кирилица  әліпбилерін меңгерген деген  ұғымға нақты нүкте қоямыз. Иә, Қазақстан халқы Ислам дінін қабылдағаннан кейін ғасырға жуық уақыт араб әлипбиін пайдаланған. 1929 жылы 7 тамызда  КСРО Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комисарлар Кеңесінің Президумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдайды. Осыған сәйкес 1929 жылы латын әлипбиінде жазу үлгі жасалынып, 1940 жылға дейін қолданыста болған. Сондықтан өткенімізді саралай отырып, бүгінгі таңда мектеп қабырғасындағы ағылшын тілін оқып жүрген жас буын үшін де ешқандай қиындық болмайтынын Елбасы 2012 жылғы желтоқсандағы жолдауында айтып өткен.
Үстіміздегі жылы жарияланған Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында 2025 жылы іс қағаздары, мерзімді басылымдар, оқулықтар латын әлипбиімен жарық көретіндігі туралы нақты айтылған. Өткенді бағаламасақ, болашағымыз бұлыңғыр болар.Сондықтан  Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивіндегі мемлекеттік сақтауға алынған құжаттардан топтастырылған «Архив – өткенді бағалау, болашаққа көзқарас» тақырыбында құжаттық көрме ұйымдастырды.
Бұл көрмеге бірнеше қордан алынған латын әлипбиімен толтырылған іс жүргізу қағаздары (үлгілер),  қаулылар, жеке құжаттар оның ішінде: Мұхтар Әуезов, теолог ғалым  Халифа Алтайдың қолдары қойылған сыйжазба кітаптар, куәліктер, аттестаттар, мақтау қағаздары, әскери, комсомолдық билеттер, еңбек кітапшасы, баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар топтамасы енгізілген.
  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив