Әуе жолының алғашқы қарлығаштары


Әуе жолының алғашқы қарлығаштары

  Осыдан 80 жыл бұрын Алматы – Мәскеу әуе жолы ашылды. 1936 жылы 9 шілдеде П-15 ұшағы Алматыдан Мәскеуге ұшып шықты. Бұл ұшақты бұрынғы әскери ұшқыш Николай Цветков басқарды. Ұшақ бортында алғашқы жолаушылары: "Казахстанская правда" газетінің арнаулы тілшісі Павел Кузнецов және 310 килограмм әуе поштасы болған деп ТАСС хабарлайды. 
  Алматы -Қарағанды - Ақмола – Қостанай - Свердловск - Казань – Мәскеу рейстер маршруты бойынша ұшу алдында ұзақ инженерлік-техникалық қауіпсіздік жағдайын тексеріп, сынақтан өткізіп, әуе жолына ұшуға рұқсат беріліп бекітілді. Әуе жолының ұзындығы 3700 шақырым құраған.Сол уақытта елімізде әуе жолы ұзындығына сай жол болмаған. 
Алматыдан Мәскеуге дейін ұшу уақыты 21 сағатқа тең болды.
  11 шілдеде сағат 18.00-де Алматыдан ұшқан бірінші рейсті Мәскеу күтіп алды. Ал 13 шілдеде 4 сағат 30 минутта ұшып шыққан ұшақ осы әуе жолымен Алматыға қайта оралды.
  Ұшақтың ұшу сапары жаз мезгілі уақытында жалғасты. Күн сайын Мәскеу және Алма-Ата әуе жолында 10 ұшақ қызмет көрсетті. Күзгі –қысқы кезеңнің басталуына орай ұшу желісі уақытша жабылды. Өйткені 1936 жылғы жазғы мерзімде ұшатын тәжірибелі ұшқыштар болды.
  Бұдан әрі үлкен жұмыстар күтіп тұр еді. Барлық әуе жолдарды жетілдендіру оның құрал–жабдықтармен қамтамасыз ету үшін инженерлер зерттеп, қажетті техникалық деректерді жинады. Атбасар, Ақмола, Қостанай қалаларында метеорология радиожабдықтары қызметі, әуе вокзалдардың құрылыс жобасы қарастырылып орнатылды.
  1936 жылы Новосібір әуе кемелерінің жолдары бағытының сәйкес келуіне және әуе жолдарының дайын болмағаны үшін рейстің кешігуіне байланысты жағдайлар түсіндірді. Ұшақ рейсінің жолда ұшып келе жатқанда күтпеген оқиғалар болды. Мынандай қызық оқиға болған: Мәскеуден Алматыға кері қайтар жолда ұшып келіп, Қостанай әуежайында қонар кезінде жолда қызыл өгіз тұрғандығынан ұшақ жерге қона алмай біраз шеңбер жасап ұшып жүріп қалған жағдайлар болған. Ұшқыш өгізді қуғаннан кейін жерге аман–есен ұшақты отырғызды.
  Азаматтық әуе флотының басқармасы қысқы кезеңде ұшақтарды ұшуға тоқтатуға байланысты ұшақтардың техникалық жағдайын тексеріп, жоғарғы техникалық жағдайда ұшуларды жалғастыруды көздеді.
  Қазақстан үкіметі күзгі-қысқы кезеңде әуе желісі жабылуына байланысты Мәскеуден Алматыға, Ақтөбе-Қостанай арқылы пошта тасымалдауды Солтүстік-Қазақстандық басқару азаматтық флотына ұйымдастыруды ұсынды.
  Алматы–Мәскеу арасындағы тұрақты әуе қатынасына ашылған күннен бастап 80 жыл толды. Тарих үшін бұл шамамен біраз жыл. Ал ел үшін - үлкен өзгерістер болды.
Қазақстан республикасы осы кезеңде тәуелсіз мемлекет болып, бар әуе қатынасын әлемнің барлық мемлекеттерімен қарым – қатынаста.
  Қазақстан құжаттарының арқасында көптеген қоғамдық өмірде болып өткен айтулы оқиғаларды халыққа жеткізіп отырады.
Алматы қаласының ОММ құжаттарды ғылыми пайдалану бөлімінің жоғарғы санатты археографы Ақаева Ғ.Ә.