Қазақстан Ұлы Отан соғысында: тарих тағылымы

Главная / Новости
     2017 жылдың 4 мамырында ҚР Президентінің Архиві мен Алматы қаласы музейлерінің бірлестігімен Жеңіс күніне орай «Қазақстан Ұлы Отан соғысында: тарих тағылымы» атты тарихи-құжаттық көрменің тұсау кесері мен Дөңгелек үстел өтті. 
     Көрменің басты назары - Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, Қазақстан тарихындағы өзекті, маңызды тақырыпты кеңінен ашу. Көрмеде  майдандағы және тылдағы ерліктен хабар беретін құжаттық хроника, республикаға көшірілген өндіріс орындары, әскери құрамаларды жасақтау, халықты әскерге жұмылдыру туралы қаулылар, хаттамалар, анықтамалар мен тізімдер, Қазақстандық Ұлы отан соғысының батырлары жайында мәліметтер, соғыстағы ерлігі үшін «Халық Қаһарманы» беру туралы ҚР Президентінің жарлықтары, өмірбаяндар мен басқа да деректер берілді. Архивтердің «Эвакуация», «Депортация тарихынан» Қазақстандық әскери тұтқындар жобалары бойынша жұмыс нәтижелері, таблица, диаграмма түрлерімен, Ұлы Отан Соғысының тарихынан сыр шертетін  қысқаша деректі фильм көрсетілді. Алматы музей қорының жәдігерлері: альбом, кітап, Ф. Дзержинский атындағы Алматы тоқыма фабрикасының өнімдері тағы басқа да заттар қойылған.
      Көрмеге  шақырылыған қонақтар қатарында белгілі мемлекет қоғам қайраткерлері, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, Алматы қаласы Медеу ауданының Ардагерлер кеңесі мен «Генералдар кеңесі», Алматы қалалық Орталық Мемлекеттік архив ұжымы және жас отан қорғаушы курсанттар қатысты. Кеш естеліктерге толы болды.
Қазақстан Ұлы Отан соғысында: тарих тағылымыҚазақстан Ұлы Отан соғысында: тарих тағылымыҚазақстан Ұлы Отан соғысында: тарих тағылымы