ХХ ғасырдың 40-90 жылдардағы тарих беттеріндегі Алма-Аты куәгерлердің көзімен

2018 жылы 26 қаңтарда Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивінде «ХХ ғасырдың 40-90 жылдардағы тарих беттеріндегі Алма-Аты куәгерлердің көзімен» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді. Біздің мақсатымыз – төл тарихымызды тың деректер арқылы, кешенді және жүйелі түрде, ең бастысы ұлттық тұрғыдан зерттеп, зерделеу болып табылады.
Дөңгелек үстел отырысына Алматы қаласының өлкетанушылары: Воронов Александр Гордеевич, Афонин Георгий Алексеевич, тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Мұхатова Оразгүл Хасенқызы, ИКОМ Халықаралық музейлер кеңесінің жеке мүшесі, «ИКОМ Қазақстан» Қазақстан комитетінің ресми өкілі және төралқа мүшесі Оразымбетова Бақыт Камалқызы, Қалалық атқарушы комитетінің хатшысы (1983-1992 жж.) - Артамонова Людмила Ивановна, Алматы қаласы Ленин аудандық партия комитетінің 2-ші хатшысы (1981-1986 жж) - Летникова Клара Артемьевна, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры (1984-1989 жж.) – Елемесова Жамиля Тоқтарбекқызы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен магистранттары қатысты. 
Іс-шара барысында өте қызықты баяндамалар мен маңызды ақпараттар тыңдалды. Алматы қаласының 70-90 жылдардағы өмірін сипаттайтын естеліктерімен Л.И. Артамонова мен К.А. Летникова бөлісті. Өзінің зерттеу жұмысындағы архивтік құжаттар негізінде өлкетанушы Афонин А.Г. баяндама оқып, мәлімдемесінде Алматының мемориалдық ескерткіштері мен қорымдардың болашақтағы тағдыр мәселесін қозғады. Өзінің өлкесіне деген үлкен махаббатпен Б.К. Оразымбетованың баяндамасы тыңдалды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 курс студенті Сейдәлі Актоты Алматы қаласының мәдени-тарихи орындары және олардың туризм саласындағы маңызы жайлы баяндамасын әсерлі түрде жеткізді.
Дөңгелек үстел барысында Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивінің бас сарапшысы Белоносов Олег Рюрикович «1931-1933 жылдар аралығындағы Алматы қалалық жұмысшылар, шаруалар және қызыләскер депутаттар Кеңесі» қор құжаттарының электронды тізілімі туралы презентация көрсетті.
Дөңгелек үстел соңында Алматы қаласының директоры Ботанов Абзал Қабдолбаритұлы архив тек қазіргі кезеңге ғана емес, болашақ үшінде қызмет атқару және архившілердің басты мақсаты - уақыт талабына сәйкес ақпараттарды жинау, сақтау,өңдеу, іздеу, қажет құжатпен қамтамасыз ету үдерістерін автоматтандыру керек екенің атап өтті.
Кездесу жылы лебізде, достық қарым-қатынаста өтті.
 
ХХ ғасырдың 40-90 жылдардағы тарих беттеріндегі Алма-Аты куәгерлердің көзімен
ХХ ғасырдың 40-90 жылдардағы тарих беттеріндегі Алма-Аты куәгерлердің көзімен
ХХ ғасырдың 40-90 жылдардағы тарих беттеріндегі Алма-Аты куәгерлердің көзімен
ХХ ғасырдың 40-90 жылдардағы тарих беттеріндегі Алма-Аты куәгерлердің көзімен