Қазақ мультфилімінің атасы

Қазақ мультфилімінің атасы, Сталинград шайқасының ардагері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақ Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тарлан» Тәуелсіз сыйлығының лауреаты, Ұлттық өнер академиясының профессоры, суретші, режиссер-аниматор, қазақтың ұлттық өнерінде алғашқы мультипликация шаңырағын көтерген Әмен Қайдар арамызда болса биыл 95 жасқа толар еді. Осы мерейтойға орай Орталық Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архиві №423 қор құрушыны еске алу шарасын бастап кетті. Хабар телеарнасы «Жаңа күн» бағдарламасынан 30 наурыз күні сағат 10.00 көрсетілген теле бағдарламаны назарларыңызға ұсынамыз! Уақыт озған сайын асыл ағаларымыздың жарқын бейнесі мен рухы биіктей беретіні анық.