«Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»

Главная / Новости
Г. Исмаилова, АОМА жеке қорлар, аудиовизуалды және суреттік құжаттарды жинақтау бөлімінің архивисі
Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивінің 2-ші қабатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты көрмесі ашылды.  
   Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов. Еліміздің мемлекеттік әнұраны тәуелсіз Қазақстанның тарихында екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары М. Төлебаев, Е.Брусиловский және Л.Хамиди болды. Сонымен қатар авторлар ұжымы, белгілі ақындар М.Әлімбаев, Қ.Мырза Әлі, Т.Молдағалиев және Ж.Дәрібаева. 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Музыкасы – композитор Ш.Қалдаяқовтікі, сөзі – Ж.Нәжімеденов пен Н. Назарбаевтікі. 
Ақын, Қазақстан Республикасы жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік алғашқы Әнұран авторларының бірі Дәрібаева Күлжадыра Ибрагимқызы 1948 жылы 4 қыркүйекте Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданының орталығында туылған.
    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік рәміздерге байқау жарияланып, 700-ден астам жыр додасынан М.Әлімбаев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев және Ж. Дәрібаеваның бірігіп жазған өлеңдері  жеңіп шығып мәреге жетті.  1992 жылы қабылданған Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторларының бірі болған Ж.Дәрібаева Қазақстан Республикасы Президентінің «Биік мәртебелі куәлік» иегері болды.Жадыра Дәрібаеваның құжаттары 2011 жылдың 2 тоқсанында Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивіне сыйға тартылып, №492 қор берілген.
   Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы, Алматы қаласының бас суретшісі Ниязбеков Шәкен Оңласынұлы 1938 жылдың 12 қазанында Тараз қаласында дүниеге келген. 1992 жылы 4 маусымда өткен Ту түрлерінің талқысына түскен 625 автордың 1200 ұсыныс-жобасында  жеңіске жетіп, Қазақ Туының туындыгері атанады.Туындыгердің осылайша суреттеген көк байрағына тәж ету президентіміз Н.Назарбаевтың еншісіне бұйырған. Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатының жеке қор бойынша жинақтау дерек көзі болып табылғандықтан, құжаттар мұрағатқа 2007 жылдың 2-ші тоқсанында келіп түсіп №424 қор берілген.
    Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Әнұранының сөзін жазған авторларының бірі,ақын Қадыр Ғаниятұлы Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының  Жымпиты ауылында дүниеге келген. Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатына 2016 жылдың бірінші тоқсанында Қадыр Мырзалиевтің жеке мұрағатынан алынған құжаттары келіп түсіп, №662 қор берілді.
«Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»«Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»«Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»