Қазақ мемлекеттік цирк ғимараты экспозициялық залындағы архив көрмесі

Главная / Новости
 Қазақ КСР-нің халық әртісі, көркем сөз оқу шеберлігін меңгерген тұңғыш қазақ қызы, кәсіби жүргізуші, - ГүлжиҺан Ғалиеваға 100 жыл. 
Осы мерейтой қарсаңында Гүлжиһан Қалиқызы негізін қалаған Қазақ мемлекеттік цирк ғимаратында экспозициялық зал ашылды. Экспозициялық залға  Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивінің № 174 қоры бойынша 1964 жылы 17 маусымдағы №267 «д» Қазақтың Советтік Социалистік Республикасы Еңбекшілдер депутаттарының Алматы қалалық Советі Атқару Комитетінің «Об отводе земельного участка УКС» у горисполкома  под строительство ЦИРКА в квартале №322» ҚАРАР-ынан  бастап цирк тарихы қойылған. 
Қазақ мемлекеттік циркінің кәсіби ұлттық өнер ұжымының  1970 жылғы бірінші қойылымындағы  «Медеу» бағдарламасының және де «Ғажайыптар жері» сынды бағдарламалардан бастау алған суретті көрністер өнер ордасының бүгінгі жетістіктерін де қамтып жатты. 
Ал, экспозициялық залдың бір қабырғасын толығымен алып тұрған Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивіне тұрақты сақтауға қабылданған  Гүлжиһан Ғалиеваның құжаттарына №367 қор нөмірі берілген. Осы қор құжаттары негізінде цирк ғимаратында жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Гүлжиһан Қалиқызының студент кезіндегі, өзі ашқан эстрада студиясындағы шәкірттерімен түскен және де отбасылық суреттері қойылды. Сонымен қатар көптеген грамоталары, марапаттаулары және жеке құжаттарының көшірмелері топтастырылды. Еш жерде қайталанбайтын түпнұсқалық архив құжаттары мұрағат мақтанышына айналған. 
Қазақ мемлекеттік цирк ғимараты экспозициялық залындағы архив көрмесі
Қазақ мемлекеттік цирк ғимараты экспозициялық залындағы архив көрмесі