Елін бастаған - Елбасы

1- Желтоқсан – Тұңғыш президент күні
Елін бастаған - Елбасы

Биылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  еліміздің барлық жерлерінде  тәуелсіздігіміздің игіліктерін, мызғымас беріктігін бағалай отырып, тарихымызды түгендеп, тілімізді, мәдениетімізді, ата дәстүрімізді қайта жаңғыртып, қуанышқа кенеліп жатырмыз. Өз халқының бейбіт, тыныш әрі қолайлы жақсы өмір сүру жағдайын жасаған адам  тарихта  ерекше ойып  орын алады.
Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт - дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуда.
«Бір ел - Бір Елбасы – Бір тағдыр!» Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде тарихи да жасампаз жаңа дәуірге жол бастағанына міне 26 жыл болыпты. Осынау жылдары  Қазақстанды ұлы істерге бастаған Президенттің  осынша уақыттың ішінде қазақ мемлекетінің ғарыштап  дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына сіңірген еңбегі зор.
Бүгінгі  кезде Қазақстан  әлемдегі көптеген елдер үшін үлгі болар мемлекетке айналды. Бәсекелі  қабілет қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. 
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.  Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен  дініміз,музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 
Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивінде «Тұңғыш Президент күні»  мерекесіне  қарсы әдеби кітаптардан  көрме  ұйымдастырылды.
Президент күні мерекесі – дамыған елдерде орныққан дәстүр. Осы мереке аясында өрлеудің, өркендеудің, жаңғырудың, жаңашыл дамудың межелерін анықтау жаңа өлшемдерге көтерілуге Алматы қалаласының Орталық мемлекеттік архиві қызметкерлері де атсалысады. 
Бұл күн ел Президенттерінің тарихын оқып-біліп, елдің дамуын зерделеу күні болып табылады. Мұндай дәстүр – халықты игілікті бастамаларға, жастарды ұлы мұраттарға жетелейді, жақсыны бағалауға, кеткен кемшіліктерден сабақ алуға үйрететін игі өнеге.
 

Елін бастаған - Елбасы

 

Елін бастаған - ЕлбасыЕлін бастаған - Елбасы