Главная > Новости > Елбасы жолдауы – болашаққа басты бағдар!

Елбасы жолдауы – болашаққа басты бағдар!


Елбасы жолдауы – болашаққа басты бағдар!

2018 жылы 19 қаңтарда Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатындағы «Елбасы жолдауы – болашаққа басты бағдар!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының қызметкері Есенбай Қордай Сансызбайұлы, сонымен қатар Алматы қаласының ОМА директоры Ботанов Абзал Қабдолбаритұлы және архив қызметкерлері қатысты.
Бүгінгі таңда елімізде Елбасының бастамасымен «Рухани жаңғыруға» байланысты көптеген игілікті шаралар жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде жыл сайын Елбасының Қазақстан халқына жіберген  Жолдауының бірі 2018 жылғы 9 қаңтардағы  халыққа жолдаған  4-ші өндірістік революция жағдайында елді дамыту мәселесіне бағытталған бірқатар жоспар белгіленуіне байланысты. 
Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағытты айқындап айтып берді. Сол Халыққа жолдаған жолдауын бүгін талқылау үшін бәріміз жиналып отырмыз», - деген сөзімен Құжаттарды ғылыми пайдалану және жариялау бөлімінің архивисті Сексембаева Самал Нұрсоветқызы дөңгелек үстелді ашты.
Алматы қаласының Орталық мелекеттік архиві директоры Ботанов Абзал Қабдолбаритұлы Жолдаудың басты, негізге алынатын аспектілері туралы атап өтіп, ұжымның назарын Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табуды айқындайтын міндеттерді атап айтты. «Мемлекет басшысының Жолдауы – қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары айтылатын маңызды саяси құжат. Ол біздің алдағы дамуымыздың қолжетімді мүмкіндіктерін айқындайды. Шын мәнінде, бұл алда тұрған ең күрделі мәселелердің тоғысуы. Елбасының әрбір Жолдауын талқылай отырып, біздерге ерекше серпін береді, алдағы жемісті жұмысқа ынталандырады» , - деді.
Кезекті сөз алған «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының қызметкері Есенбай Қордай Сансызбайұлы Алматы қаласының былтырғы жылғы жетістіктерін айта отырып, Елбасының жолдауы жастарға үндеу салып, жарқын болашаққа жетудің даңғыл жолы екендігін білдірді.
Іс-шара барысында Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауынан қысқаша видео-сюжет көрсетіліп, Алматы қаласының ОМА қызметкерлері Макашбаева Ф.К., Жұмабаева Ж., Сексембаева С.Н. Жолдаудың 10 негізгі басымдылықтарын талқылай келе, ұлт жоспарын іске асыру аясында құнды құжаттарды сақтаушылар ретінде архивтердің рөлі мен маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара соңында Алматы қаласының ОМА директоры Ботанов Абзал Қабдолбаритұлы Жолдауды барша отандастарымызбен бірге архив ұжымыда қолдайтындығын білдіріп, өз саламызға қатысты міндетті алда іске асыруға өз үлесімізді қосатындығын мәлімдеді.
 

Елбасы жолдауы – болашаққа басты бағдар!
Елбасы жолдауы – болашаққа басты бағдар!
Елбасы жолдауы – болашаққа басты бағдар!
Елбасы жолдауы – болашаққа басты бағдар!
Елбасы жолдауы – болашаққа басты бағдар!
Елбасы жолдауы – болашаққа басты бағдар!


Вернуться назад