Главная > Новости > Адами капитал – жаңғыру негізі

Адами капитал – жаңғыру негізі


2018 жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Алматы қаласының әкімдігі мен ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші тармағын талқылау мақсатында кездесу өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімдігі, зиялы қауым өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архив директоры Ботанов Абзал Қабдолбаритұлы және архив қызметкерлері қатысты. 
Іс-шараны «Нұр-Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжехан Матыжанов жүргізіп, Елбасымыздың биылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының маңыздылығын баяндап өтті. Кездесу барысында саяси ғылымдар докторы Толқын Әуелғазина, Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының академигі Надир Надиров, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қали Сәрсенбай және Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Мамсуров Жолдаудың жетінші басымдығы адами капитал мәселесіне кеңінен тоқталды. Олар өз баяндамаларында еліміздің алдында тұрған шешілуі тиісті барлық стратегиялық мақсат-міндеттер жүйесін іске асыруда адамның белсенділігі мен шығармашылығы үлкен рөл атқаратындығын мәлімдеп, төртінші өнеркәсіптік революцияның ұлттық мәдениетімізге, жалпы адамзат мәдениетіне қандай ықпалын тигізеді деген төңіректе өз ой-пікірлерімен бөлісті.
 
Адами капитал – жаңғыру негізі
Адами капитал – жаңғыру негізі

Адами капитал – жаңғыру негізі

 




Вернуться назад