Главная > Новости > Халифа Алтай 100 жыл

Халифа Алтай 100 жыл


         Бүгін Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивінде Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған  № 284 қор иесі,  теолог –ғалым Халифа Алтай Ғақыпұлының 100 жылдық мерейтойына   орай «Ұрпақты имандылыққа бастаған абыз» тақырыбында  дөңгелек үстел   өтті. 
Негізгі бөлім: «Халифа Алтай-этнограф, ғалым»Баяндамашы- «Нұр-мүбәрәк» Египетислам мәдениеті университеті, «Әбу Халифа» орталығының  жетекші ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей; 
«Халифа Алтайдың Тәуелсіз Қазақстанға қосқан рухани үлесі». Баяндамашы- тарих ғылымдарының докторы,профессор Абай атындағы Қазақ Ұлттық  педагогика университетінің  оқытушысы Нұрпейісов Талдыбек Әліұлы;«Халифа Алтайдың биобиблиографиялық көрсеткіші»  
Баяндамашы – Ғылым ордасы сирек кітап қолжазба және Ұлттық әдебиет бөлімінің басшысы Абикова Гүлшат Мәсәлімқызы;
«Архив қорындағы Халифа Алтай мұрасы» Баяндамашы-Алматы қаласының  Орталық мемлекеттік архивінің Бас қор сақтаушысы Құрманжанова Гүлбақыт Айтақынқызы баяндамалар оқыды.
Ашық микрофон барысында көзгендер, ғалымдар, тарихшылар, үзеңгілестері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері жазушы, драматург Сұлтанәлі  Базарбайұлы Балғабаев, қоғам қайраткері Арыстан Шәдетұлы,   медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Ер Жәнібек» қоғамдық қорының құрметті президенті Темірбаев Мақсұт Әбуұлы, жазушы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қазихан Әшенов сынды азаматтар естеліктер айтты.
Дөңгелек үстелді Мәдениет және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Алиев Данияр Абзалиденұлы ашып, архив директоры Ботанов Абзал Қабдолбаритұлының  баяндамашылар  мен өнер көрсеткен Алматы қаласы Өнер ордаларының студенттерін марапаттауымен жалғасты.
Халифа Алтай атамыздың шаңырағында отырған жары Бибәтіш әжейге архив директорының орынбасары Айсұлу Мәрдешқызы орамал жапты.
Дөңгелек үстел ақтабан шұбырынды болған қазақ халқының өткен өмірін  қобыз сарынымен «Елім-ай» әні арқылы бастап, архив қызметкері Айнұр Тілеужанова тарихи отанын аңсаған шетел қазақтарының сағынышы болған «Ағажай Алтайдай ел қайданы» нақышына келтіре орындап берді. Ал ортамызға келген Арыстан атаны «билетпей қайтармаймыз» деген архивтің бас сарапшысы  дөңгелек үстелдің жүргізушісі Ляйла Қасымқызының мұрағатшылар Мәдина мен  Ақботаны «Қара жорға» биіне дөңгеленте билетуі барша жұртты тамсандырды. Ресми басталған дөңгелек үстелдің жалғасы осылайша ән мен жырға ұласа отырып, жұма дастарханына жеті шелпек салынып, құран бағышталды.


Халифа Алтай 100 жыл Халифа Алтай 100 жылХалифа Алтай 100 жыл

Халифа Алтай 100 жылХалифа Алтай 100 жылХалифа Алтай 100 жыл




Вернуться назад